«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада Қазақстан-Польша бизнес-форумы басталды

2017 жылғы 06 Қыркүйек
3254 просмотров

Форумға екі елдің басшылары қатысады 

6 қыркүйек күні Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ПР Президенті Анджей Дуданың қатысуымен Қазақстан–Польша бизнес-форумы басталды.

Еске салсақ, 2016 жылдың 23 тамызында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшада өткен сапары барысында қос мемлекеттің басшылары мен ҚР экономикалық делегециясы, сондай-ақ польшалық компаниялардың қатысуымен бизнес-форум өткен еді. Осыған орай 2017 жылдың 6 қыркүйегінде Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Польша апталығына арналған іс-сапары аясында бизнес-форум өткізу жоспарланған.

Форум алаңында өтетін кездесу барысындағы басты талқылауға Польша кәсіпкерлерінің назарына ұсынылатын қазіргі Қазақстанның экономикалық жетістіктері мен инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы, екіжақты байланыстың келешегі зор әрі оңтайлы бағыттарын анықтау негіз болады.

Форумға мемлекет басшылары, Польшаның ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ, химия, тау-кен, фармацевтика өндірісі мен басқа да салалардан 200-ге жуық кәсіпкерлер қатысады.

Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы сыртқы экономикалық серіктестерінің қатарындағы алдыңғы орында тұрған ел – Польша. Польшаның Орталық Азия елдерімен жасаған жалпы тауар айналымының 80%-дан астамы Қазақстан арасындағы тауар айналымына тиесілі. Бүгінде Қазақстан мен Польша елдері 24 халықаралық келісімшартқа қол қойған. Тараптардың қарауында әлі 15 жоба бар, оның ішінде осы бизнес-форум аясында қол қойылатын өңіраралық ынтымақтастық саласына қатысты жобалар да бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер