«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвесторлардың құқығын қорғау жобасы алғашқы нәтижелерін көрсетті

2018 жылғы 16 Қазан
6525 просмотров

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП және «KazakhInvest» АҚ бірлесіп бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау саласындағы «Protecting business and Investments» жобалық кеңсесінің жұмысын қорытындылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы жобалық кеңсе төрт ай бұрын жұмыс істей бастады. Осы уақыт ішінде 162 келісімге қол қойылды, оның 50% шетелдік инвесторлармен, 5,9 трлн теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

Өңірлік жобалық кеңселерге 153 өтініш келіп түсті, оның 128-і бойынша қолдау көрсетілді.

«Біз ірі инвесторлар мен шетелдік сарапшылардың бағдарламаға деген қызығушылығын байқаймыз. Бұл жұмысты күшейту керек. Бізге «Атамекеннің» ресурстары, әсіресе өңірлік палаталардың жүйелі түрде жұмыс атқарғаны қажет», - деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Айта кету керек, Ұлттық палата жоба жұмысына белсенді қатысып отыр. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтің айтуынша, әрбір облыс бойынша инвесторларды анықтап, олардың жеке мәселелерінің негізінде жүйелі проблемаларды белгілеу қажет.

«Барлық өңірлік жүйелік проблемалар бизнес проблемаларының бірыңғай тізіліміне енгізілуі тиіс. Өңірлік палаталар тізілімге енгізілген әрбір мәселені шешу үшін шаралар қабылдауы тиіс.  Жобалық кеңсе мен Агенттіктің апта сайын ақпарат алмасуын жолға қою қажеттігіне назарларыңызды аударсам деймін, - деді Рустам Жүрсінов. - Республикалық деңгейде шешуді талап ететін мәселелер Ұлттық палатаның қарауына ұсынылады».

Инвесторлардың жиі кездесетін проблемалары – мемлекеттік органдардың құзіретінің жеткіліксіздігі, мысалы, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызмет көрсету тәртібін түсіндіре алмайды, сыбайлас жемқорлық орын алады, қайталанатын және негізсіз бақылау-қадағалау функциялары, объектіні электр желілеріне қосуға техникалық шарттар алу.

Нысандарды электр желілеріне қосу мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко бұл мәселе энергиямен жабдықтаушы компаниялардың өзінің монополистік жағдайын теріс пайдалануымен байланысты екенін айтты. «Табиғи монополиялар туралы» заңға сәйкес табиғи монополия субъектісінің (ТМС) интернет-ресурсы бос қуаттар туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

«Бізде ТМС сайтындағы ақпаратқа баға беретін уәкілетті мемлекеттік орган анықталған жоқ. Сайттың мазмұнына қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт бекітілмеген», - деді Олег Савеленко.

Бұл факторлар объектілердің жүктелуі туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етпейді. Электр энергиясын пайдалану ережелерінде көзделген іс-қимыл тәртібі қалыптасқан. Кәсіпкер уақытын, қаражатын жоғалтады, әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.

Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәжірибесіне сүйене отырып, заңнамаға техникалық шарттарды алуға өтінімдерді қарау жүйесін қайта қарау бөлігінде түзетулер енгізуді ұсынды. Алайда монополистердің қызметтері әлі де цифрланбай қалып отыр.

«Электрондық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік корпорациялар мен монополия субъектілерінің өзара іс - қимылының нақты тәртібі қажет», - деп атап өтті Олег Савеленко.

Бүгінде цифрландыру аясында әрбір әкімдік интерактивті карталарды енгізіп, онлайн қызмет көрсетуді жеделдетіп өз бағытында дамып келеді. Рустам Жүрсінов цифрландыру жобаларын интеграциялауды өңірлерде одан әрі дамыту үшін Қызылорда облысының үлгісінде бірыңғай техникалық шарттарды құру үдерісі іске қосылғанын атап өтті.

Олжас Бектенов бизнес-қауымдастық үшін цифрлық платформалардың ыңғайлылығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер