«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сыбайлас жемқорлық – кәсіпкерлердің көзімен

2018 жылғы 26 Қазан
- Қарағанды облысы
10693 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы бизнестің пікірі бойынша ең жемқор органдар рейтингін жасады. 

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов жүргізілген рейтингтің сандары мен қорытындысын облысы әкімдігі жанынан құрылған кәсіпкерлер мәселелері бойынша комиссия отырысында хабарлады.

Облысы әкімі Ерлан Қошановтың  «Сыбайлас жемқорлық кәсіпкерлер көзімен» ұранмен хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілген жасырын сауалнаманы Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы жүргізді. 

Кәсіпкерлікті 24 салада жүргізіп отырған 1500 субъектіге сауланама жүргізілді: 59%-ы жеке кәсіпкерлер, 21%-ы – шаруа қожалықтары және 18%-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестер. Сұралғандардың жартысынан көбі,   атап айтқанда 58%-ы сыбайлас жемқорлық фактілердің орын алуына тап болған. Сыбайлас жемқорлыққа тап болғандар өзара екі топқа бөлінді, бір топқа жемқорлық көмектессе, келесі топқа кедергі келтірген. Сауалнама деректеріне сәйкес, «пара өмір сүруге, құрылыс салуға көмектеседі» деп санайтын кәсіпкерлер саны – 14%.

 

Анықталғандай, облыс бойынша параның орташа мөлшері 10 мыңнан 61 мың теңгеге дейін аралықта, осы ретте 1 млн теңгеден асатын төлемдер де бар. Сауалнамаға жауап бергендердің 62%-на аталған сомалар айтарлықтай үлкен болып шықты.

Респонденттердің жауаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық Шахтинск пен Бұқар Жырау аудандарын дендеп алған, ал   Қаражал мен Сәтпаевта көрсеткіш төменірек. Мемлекеттік орган қызметкерлері жемқорлықтың мәмілеріне 2,7 есе жиірек бастамашы болады екен.

 Шенеуніктер құжаттарды, жобаларды тез қарау, рұқсат қағаздарын беру қатысты шараларда сыйбаластыққа бастамашы болады (462 респондент)  және полицйейлер мен прокуратура қызметкерлерінің тергеу жүргізгенде жемқорлыққа жол бастайды (123 респондент жауабы).

 Ернар Күлпейісовтың айтуынша, сұралған адамдардың 42%-ы бизнес үшін жемқорлық жиі кездесетін жайт. Ал бизнес өкілдерінің 21%-ы оларға қатысты орын алатын сыбайлас жемқорлықтың салдары, салық сияқты құтылуға мүмкін емес төлемдер деп санайды.

  Аталған зерттеудің деректеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуде ең негізгі рөл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату шарасына беріледі. Кәсіпкерлердің пікірінше жеке пайданы ойлау (20,3%), төмен еңбекақы (19,3%), халық орын алған мәселені пара беру арқылы шешуге тырысуы (11%) жемқорлыққа бастайтын басты факторлар.

Бизнестің өкілдері сыбайлас жемқорлықтың кері әсерін түсінеді және оны адам құқығын бұзу ретінде бағалайды (32%), кәспкерлердің  24%-ы экономикалық дамуды төмендедетін факторы деп санаса, тағы 18% кәсіпкер жемқорлықты мемлекет қауіпсіздігіне қауіп ретінде баға береді.

 Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама туралы айтатын болсақ, Қарағанды облысының бизнесі оның тиімділігі төмен деп санайды. Осы ретте мемлекеттік органдарды жазалауды қатаңдату және қызметтерінің  тиімділігін арттыруға шақыратын бизнесмендер санының ұлғаюына қарсы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бос әурешілік деп санайтындар саны өскені байқалып тұр. Сауалнама жүргізген кәсіпкерлердің 80%-ы  сыйбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шараларды тиімсіз санайды, тіпті ондай шаралар туралы естімегендері де бар.

 «Сұралғандардың небәрі 13,8%-ы сыбайлас жемқорлық салдарын хабарлап, өздерінің жеке байланыс деректерін беруге дайын. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға деген сенімсіздігін, күрес әлі де қажетті деңгейде жүргізілмей тұрғанын айқындай түсуде», – деді ӨКП директоры.

 Облыс әкімі Ерлан Қошанов жүргізілген сауалнаманың қорытындысына пікір білдірді.

  «Бұл туралы ашық айту керек. 27% кәсіпкерлердің өздері жемқорлыққа бастамашы болған, бұл да айтарлықтай көрсеткіш. Көрдіңіздер ме, кәсіпкерлердің өздері де қылмыстық тәуекелге барады. Бұл бағытта бизнес те, мемлекеттік органдар да, қарулы күштер де бірлесіп жұмыс істеу керек. Бүгінде қолға алынып жатқан қызмет көрсетудің «бір терезесі», электронды формат сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында қолға алынуда. Біздің Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге ұйымдастырған Кеңес беру-ақылдасу органы ашық, кәсіпкерлер мәселесімен келсін. Сыбайлас жемқорлық туралы айтсын, бәрін ашық айту керек», – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер