«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектеп оқушыларына сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді

2019 жылғы 06 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
9267 просмотров

Оралда облыс бойынша Кәсіптік бағдар күні тоқсан сайын өтеді. Іс-шара аясында осы жолы Кәсіптік бағдар орталығының таныстырылымы өтті. Орталық 2018 жылы қараша айында БҚО кәсіпкерлер палатасы қолдауымен ашылған

Кәсіптік бағдар күні бір мезгілде Орал қаласы және облыстың 12 ауданында ұйымдастырылды. Қала мектептірінің жоғары сынып оқушыларын 4 лекке бөлді, бір күн ішінде оқушылар Оқушылар және жастар сарайына барып, онда барлық колледждердің таныстырылымы көрсетілді.

«Орал аймағында  кәсіптік және техникалық білім берудің 37 оқу орны бар, оның 26-сы – мемлекеттік, 11-і – жекеменшік. Оралда студенттер түрлі салада білім алып жатқан 21 колледж бар. Кәсіптік бағдар күні оқушыларға сұранысқа ие мамандықтар, колледждегі оқу үдерісі туралы ақпарат бердік. Кәсіби-техникалық білім беру оқу орындарының бейне роликтер түрінде таныстырылымдары жасалды. Роликтерді көріп болған соң оқушылар сұрақтарын қойды. Жастардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауға деген ынтасы көрініп тұрды», – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Айгүл Әбілқайырова.

Оқушылар болашақ мамандануын ертерек таңдауы үшін Оралда Кәсіптік бағдар орталығы құрылды.

«Біз 3 жастан жоғары балаларға, сонымен қатар мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне, өзгерістерге құмар жас мамандар, ересектерге болашақ мамандықты таңдауға көмектесеміз. Орталық базасында «Талантты балалар» (3-12 жас), «Junior» (13-17 жас), «Жастарға арналған студенттік бағдарлама», «Маңсап бастауы» (24 жасқа дейін) бағдарламалары бар. 25-тен жоғары азаматтарға «Z-коучинг» атты арнайы бағдарлама бар. Кәсіптік бағдар орталығы мен басқаратын кадр агенттігі – HR жұмыспен қамту қауымдастығы базасында құрылған. Жұмысымыздың барысында біз дұрыс таңдалмаған мамандық адам өміріне қалай әсер ететінін көріп жүрміз, сондықтан балаға ерте жастан кәсіп таңдауға көмектесу керектігін түсіндік. Балалар бойындағы білімін, машығын дұрыс бағытқа жұмсауы тиіс», – деді Балалар және жастар ұйымдары қауымдастығының президенті Жанар Қадырова.  

 Оқушылар және жастар сарайында жоғары сынып оқушыларын орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары күтті. Олар балаларға кеңес беріп, ақпараттық кітапшаларды таратты. Түлектердің көбі болашақ мамандық бойынша таңдауларын жасап үлгерген, және өздеріне қажет колледжге барып, кеңес алды.

«Домбыра шертемін, сондықтан педагогикалық колледжге түсуді жоспарлап отырмын. Осылайша бойымдағы вокалдық және музыкалық әлеуетті пайдаланбақпын. Бастапқыда музыкалық колледж таңдағынмын. Бірақ бүгін педагогикалық колледждер ұсынған мамандықтар көңілімнен шығып отыр», – деді №2 орта мектептің 9-сынып оқушысы Динара Сәкенова.

«Мектебімізде кәсіптік бағдар жұмысына ерекше назар аударылған. Кәсіби бағдар кабинеті бар, онда психолог балаларға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Оқушыларды Кәсіпкерлер палатасы өндірістерде өткізетін  экскурсияларға апарып тұрамыз. Мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керек», – деді №13 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галина Погодаева.

Кәсіптік бағдар күніне өңірдегі 600-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Осындай шаралар аясында ұйымдастырушылар сұранысқа ие жұмыс мамандықтарына екпін жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер