«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бейтаныс бизнесмен Шымкенттегі науқас балаға көмектесті

2019 жылғы 28 Ақпан
- Шымкент қаласы
14069 просмотров

Бизнесменнің көмегі арқылы Арман емделуге мүмкіндік алды

Астаналық бизнесмен Динара Ахметованың отбасына, 13 жасар ұлы Арманның емделуіне қажетті 100 мың теңге аударған. Былтыр шілде айында балаға «Жыланкөз ауруы» диагнозы қойылып, Шымкент қаласында ота жасалған. Бірақ, отадан кейін  сегіз ай ішінде баланың жағдайы нашарлай бастады. Шымкенттік дәрігерлер келесі ота жасаудан бас тартып, науқасты Алматы қаласына жіберді. Арман оқыған мектептің директоры  бала еміне қажет квотаға қол жеткізді, бала анасымен бірге Алматыда 11 наурыз күні болуы керек. Бірақ отбасының әлеуметтік жағдайы төмен, сондықтан олар жолға билет, Алматыда орналасу мен тамаққа қаражат таппады. Мектеп директоры бизнесмендер көмегіне жүгініп, «Менің Атамекенім» порталына өтінім тастады.

«Алматыға ота жасауға бару үшін отбасыға шамамен 100 мың теңге қаражат керек. Көмектесіңіздерші, баланың үнемі дене қызуы көтеріледі! Бұл ота бала өмірі үшін маңызды!!!», – деп жазды директор порталдың «Маған көмек қажет» бөлімінде.

Өтінімге астаналық бизнесмен бірден жауап келді. Жанашыр адам аты-жөнінің жасырын қалғанын қалады.

 Динара Ахметова көмек қолын созған жанға алғыс айтып, оған зор денсаулық тіледі:

«Жаратушы ие жасаған жақсылығын еселесін! Енді ұлымның емделіп, ары қарай өмір сүруге мүмкіндігі бар!»

 Динараның өзі де емге мұқтаж, бірнеше жыл бұрын дәрігерлер оның бір бүйрегін алып тастады, бұған қоса оның көзі нашар көреді. Осыған қарамастан әйел мүгедектікті немесе денсаулыққа байланысты зейнетақыны рәсімдей алмай жүр: мемлекеттік органдар науқасты анда-мұнда жіберіп, шаршатты. Динараның жақындарының айтуынша, органдарда мүгедекті рәсімдеу үшін одан пара сұрағандар да болған. Бұған қоса Динара екі баласын өзі бағып отыр (күйеуі қайтыс болған), бір бөлме жалдап тұрады. Осыған байланысты Динара тез ауырып қалады, жұмыс берушілер жұмыстан шығарып тастайды.

Мектеп директоры Гауһар Байбосынованың айтуынша, Арман және оның әпкесі жақсы оқиды. Өкінішке қарай, баланың әпкесі тоғызыншы сыныптан кейін колледжге кетуге мәжбүр болған, оның себебі біреу  – колледжде оқу және түскі ас тегін. Динара Ахметова сұрамаса да, отбасы шын мәнінде қолдауға мұқтаж. Динараның арманы – баласын емдеу.

 Айта кетелік, «Менің Атамекенім» жобасы жүйелі әлеуметтік мәселелерді анықтауға бағытталған. Енді өмірлік қиындыққа тап болған кез келген адам «Менің Атамекенім» порталына кіріп, проблемасы туралы айта алады. Сайтта «Маған көмек қажет» батырмасы бар, оны басқанда қысқа анкета шығады. Анкетаны жүктеп, басып шығарып, толтыру қажет. Толтырылған анкетаны сканерлеп, сайтқа жүктеу қажет. Ал көмек бергісі келетін жандарға «Көмек бергім келеді» батырмасы қарастырылған. «Менің Атамекенім» порталы арқылы қайырымды жандар қиын жағдайда қалған адамдар туралы естіп, оларға көмектесе алады. Сонымен қатар өтінімді whatsapp нөмірі  +7 776 333 77 66 арқылы жіберуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер