«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында 3 млрд теңгеге offtake-келісімшарттар жасалды

2019 жылғы 06 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
9216 просмотров

Ұзақ мерзімді offtake-келісімшарттар «Қазцинк» ЖШС және Қарағанды облысы отандық өндірушілер арасында жасалды

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы  және «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» бірлесіп,  ірі жүйе құрушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушыларға, отандық өндірушілерге және жеткізушілерге арнап ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасауға және перспективалы, бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін дамытуға көмектесу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сектор дамуының түйткілді мәселелері де көтерілді.

Кездесуді ашып, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде «Атамекен» ҰКП құралдары туралы айтты.

  «Өздеріңізге белгілі, «қарапайым заттар экономикасы» халық тұтынуатын тауарлар өндірісін қолдау үшін Үкімет 600 млрд теңге бөлді. Осыған байланысты Палата алаңында бизнес жобаларына құрылудан бастап қаржыландыруға дейін сүйемелдеу және орын алатын проблемаларды шешуге көмек көрсететін Жобалық алқа құрылды. Осы жылдан бастап біз Индустриялық сертификатты береміз, ол арқылы жеткізуші өзінің өндірісітік қуатын растай алады. Сондай-ақ, отандық өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша комиссияның жұмысы, тендерден кейінгі бақылау алгоритмі, келіссөздер алаңын ұйымдастыру және отандық бизнестің өзекті мәселелерін шешу жұмыстары да жүргізілуде», – деді Ернар Күлпейісов.

 «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов компанияларға QazIndustry бірлескен жобасы және Дүниежүзілік банктің – Жеткізушілерді дамыту қызметінің іске қосылуы туралы хабарлады.

«Жеткізушілерді дамыту қызметінің функциясына Қазақстанда жұмыс істейтін ірі жергілікті және халықаралық корпорациялармен шағын және орта кәсіпкерлікпен нарықтық қатынастарын кеңейту кіреді. Нәтижесінде Жеткізушілерді дамыту қызметі шағын және орта бизнестің ірі мемлекеттік, квазимемлекеттік, жеке және трансұлттық компанияларға тауарлар мен қызметтерді ұсыну қабілетін арттыруға ықпал етеді. Бірінші кезекте бағдарлама газ, мұнай, металлургия және тау-кен өндіру салаларындағы кәсіпорындар арасында жүзеге асырылады», – деді Тұрар Жолмағамбетов.

 Дөңгелек үстел шеңберінде Тараптар жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе құрушы кәсіпорындардың тауар, жұмыс және қызмет сатып алуларына қатысқанда орын алатын түйткілдерді, сондай-ақ, кәсіби қызмет көрсету саласын дамытудың детальдарын және жүйелік маңызы бар кәсіпорындар төңірегінде өндірісаралық даму мүмкіндіктерін талқылады.

Іс-шара барысында маңызды қадамдардың бірі – QazIndustry ықпалдасуының нәтижесінде дөңгелек үстел барысында  «Қазцинк» ЖШС-ның 6 отандық компания: «Фирма  Углемеханизация» ЖШС, «Вира-Майна Казахстан» ЖШС,  «Profland» ЖШС, «Леотек KZ» ЖШС, «ГЗП Атлант» ЖШС и «АлбаСтройДор» ЖШС-мен жалпы сомасы 3 млрд теңгеге  оффтейк-келісімшарттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Корпорация Казахмыс» ЖШС және отандық өндірушілер: «Іңкәр-1» ЖШС, «Қазтехноресур» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер