«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жас кәсіпкер» жобасының түлектері «Жас кәсіпкерлер клубын» құрды

2019 жылғы 13 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
6243 просмотров

Жас және бастамашыл қарағандылықтар бизнеске қатысты мәселелерді бірге шешіп, жастардың бизнес бастамаларын жұмылып ілгерілететін болады

Осындай мақсатты Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан іске қосылған «Жас кәсіпкер» жобасының түлектері белгіледі.

Жаңа бірлестіктің бастамасы Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтың жетекшілігімен өткен ресми кездесу болды.

«Біз облыстың 1350 қыз-жігітін оқыттық. Түлектермен кездесу барысында екі лек аяқталған соң біз бүгінде бос әрі жаңа тәсілдерді қажет ететін салалар жайын талқыладық.  Пікір алмасу өтті, жастар өздерінің сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын айтты. Нәтижесінде «Жас кәсіпкерлер клубын» құру бойынша ортақ шешім қабылданды. Бұл жастар түйткілді мәселелерді талқылайтын, бизнес-идеяларды бастайтын, тәжірибе алмасып, кездесулерді өткізетін алаң болады», – деді Ернар Күлпейісов.

Қазіргі таңда Клубқа ресми түрде 60 адам тіркелді. Олар 18-29 аралығындағы жастар – «Жас кәсіпкер» жобасының түлектері.

 «Егер жастар салық салу саласына қызығушылық танытса, біз осы тақырыпта кездесу ұйымдастырып, Палата мамандарын шақырамыз. Мамандар саланың түйткілді тұстарын, жаңашылдықтарды түсіндіреді. Көтерілетін тақырыптар түрлі болады. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, бизнесті жүргізуде құпиялармен, үлгілі мысалдармен интернетте, әлеуметтік желілерде бөлісетін болады», – деді ӨКП директоры.

 Клуб жоспарында өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар аймақтың табысты кәсіпкерлерін де шақыру бар. Бірінші кезекте – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері шақырылады. Келешекте Клуб желісін кеңейтіп, облыстың барлық аудандары мен қалаларынан жастарды көптеп тартады.

 Клуб шеңберінде 20 қыркүйекте сағат 10:30-да, Қарағанды қаласының Достық үйінде «Баста» форумы өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер