«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда Жас кәсіпкер мектебінің қатысуымен үздік жоба анықталды

09 Желтоқсан 2019 - Қарағанды облысы
2059 просмотров

 Кәсіпкерлер палатасында «Жас кәсіпкер мектебі» шеңберінде «Идеялар жәрмеңкесі» өтті

Өңірде бұл жоба 3 желтоқсанда басталды. Сабаққа 65 адам қатысты, оларды заңгерлік, экономикалық және бизнесті жүргізудің әлеуметтік аспектілеріне оқытты, сонымен қатар маркетинг, менеджмент, бизнес-жоспар құру бойынша оқу жүргізілді. Оқу аяқталған соң қатысушыларға бескүндік курс аяқталғаны туралы сертификаттар берілді.

 «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына 12 бизнес-идея іріктелді. Қорғау күні түрлі мамандықтардың студенттер тобы өздерінің әлеуетті бизнес-жоспарларын қорғады. Қатысушылар кітап-кафе, балалар кафесі, салауатты тамақтану орталығы, жабық футбол манежін салу, мобильді қосымшалар және басқа да жобаларды таныстырды. Қабылдау комиссиясы құрамына ӨКП, өңірлің табысты бизнесмендері, мемлекеттік органдар және «Даму» қорының өкілдері енді.

Сарапшылардың сұрақтары мен түсініктемелері бизнес-жоспардың сапасына, экономикалық тиімділікке, қаржылық шығындарға, болашақ жобаны басқару мен маркетингке қатысты болды.

ӨКП қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Меруерт Қасимова оқуға және аталған байқауға қатысу жеке мүмкіндіктерді бағалауға көмектесетінін айтты. Комиссия мүшелерінің кәсіби бағасы арқылы жас кәсіпкер өз қателіктерін түзей алады. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты жастарды іскерлік ортаға неғұрлым елеулі деңгейде тарту. 

 Байқау қорытындысы бойынша үздік төрт жоба таңдалды. Андромеда Байзыкен және  Сабина Болат балалар сұлулық салоны жобасымен 1-орынды иеленді. Екіші орынды Айбибі Төлеуова алды, ол химиялық тазалау орталығын құрғысы келеді. Ал 3-орынды Камила Әлиасқарова ( жабық футбол алаңын салу) және Артем Вишневский, Кирилл Прямоносов, Мұстафа Тәңірберген, Әділ Қанатбеков (жаңартылатын шикізаттан қағаз жобаларын өндіру) командасы бөліп алды.

Барлық жобалар ары қарай грант алу және басқа да қаржы алуға ұсынылатын болады. Қалған қатысушылар арнайы аталымдармен марапатталды.


Серіктестер