«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жақсылық жаршысы: Екі оттегі концентраторы СҚО ауруханаларына жеткізілді

2020 жылғы 20 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7399 просмотров

18 шілде күні медициналық жабдық Петропавл қаласына жеткізілді. Қайырымдылық жүгін Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы күтіп алды. Бүгінде оттегі концентраторлары Петропавл қаласының №3 қалалық ауруханасының провизорлық стационарына және Тайынша ауданының аудандық ауруханасына беріледі

 Оттегі концентраторлары барлық өңірлерге арнап «DAULETTEN Қайырымдылық қоры» және «Айдың нұры қоры» қорларының қаражатына алынды. Қорлар барлығы 125 концентратор сатып алды, оның 2-уі Солтүстік Қазақстанға жөнелтілді.

 «Сенбі күні қызметкерлеріміз «DAULETTEN» қорымен алынған жүкті күтіп алды. Қор жетекшілігі «Атамекен» ҰКП-ға медициналық жабдықты әр өңірге жеткізіп беруге көмектесу жөнінде өтінім жасаған. Осы қайырымды істе логистикалық қолдауды «ПОНИ Экспресс» және  «SCAT» авиакомпаниясы көрсетті. Екі фирма да «Атамекен» ҰКП және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі бастамасымен іске асқан «жақсылық жаршысы» республикалық акциясына қатысып жатыр», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.

 Бүгінде алынған концентраторлар Палата қызметкерлері мен СҚО бойынша Қоғамдық бақылаудың өкілі Оксана Пришиц жетекшілігімен «DAULETTEN Қайырымдылық қорының» СҚО бойынша өкілі Айжан Зулфукароваға табысталды.

 «Солтүстік Қазақстан облысына демалыс күндері «DAULETTEN Қайырымдылық қоры» және «Айдың нұры қоры» қорларының қаражатына алынған оттегі концентраторлар келді. СҚО облысында вирус жұқтырған науқастар бойынша жағдай өзге өңірлермен салыстырғанда жақсырақ болғандықтан облысқа екі концентратор жеткізілді. Бүгін біз медициналық жабдықты Петропавл қаласының №3 қалалық ауруханасының провизорлық стационарына және Тайынша ауданының ауруханасына жібереміз», – деді Айжан Зулфукарова.

 Еске салсақ, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, «жақсылық жаршысы» республикалық акциясын іске қосты. Оның мақсаты қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге қажетті жабдық жинау.

  «Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер