«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауына ие болды

2021 жылғы 26 Ақпан
- Ақтөбе облысы
7766 просмотров

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ғимаратында  корпорация мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Келісім құжатына корпорация басшысы Ермек Имантаев пен Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова қол қойды. Кездесу кезінде екі жаққа ортақ жобаларды жүзеге асырудың тиімді мүмкіндіктері мен ауылдағы  әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен дамытудың құралдары талқыланды.

«Ақтөбе» ӘКК өңір экономикасына серпін беру үшін сервистік қызмет үлгісіне ауысып жатыр. Корпорация кәсіпкерлерге ынтымақтастықтың жаңаша форматын ұсынады.  Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына септік ететін кез келген жобаға қолдау көрсетуге дайын.   

«Корпорацияның басты міндеті – бизнеске көмектесу. Біздің кездесуіміз «тарихи сипатқа» ие деуге болады. Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуына жаңа серпін беріп, ӘКК өңірлік даму институттарына айналуы тиіс деді. Жыл қорытындысы бойынша, біз корпорация тарихында бірінші рет табысқа қол жеткізіп жатырмыз. Директорлар кеңесі қолдаса, мемлекетке дивиденд төлеуге әзірміз. Трансформацияның алғашқы кезеңін аяқтадық. Корпорация қызметін толығымен қайта құрдық.  Сөйтіп, сервистік компанияға айналғалы жатырмыз. Яғни, біздің басты қызметіміз консалтинг болмақ. «Ақтөбе» ӘКК – инвестиция тартатын оператор ретінде таңдалды. Біз инвесторларды ішкі және сыртқы деп бөлмейміз.  Қолында капиталы бар кез келген инвестор жобаларды сүйемелдеу бойынша толық консалтинг қызметті пайдалана алады », -  деді Ермек Имантаев.

 

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова  өз кезегінде, «Іскер әйелдермен кездесіп отырғаныңызға ризамыз. Біздің кеңес бес жылдан бері қызмет етеді. Жетістігіміз көп. Мысалы, пандемия кезінде нақ осы әйелдер бизнесі қаланың дамуына 3 миллиард теңге инвестиция құйды. Бұл - мектеп, фабрика, клиника құрылысы.  Қиын болса да, біз барлық әлеуметтік нысанды уақытында тапсырдық. Біздің әйелдер кеңесінің мүшелері жүк тасымалымен айналысып, оқу орталықтарын ашып, жаңа жұмыс орындарын құрып жатыр. Біз сіздің корпорациямен жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастықта еңбек етуше мүдделіміз», - деді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер