«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес Ashyq-пен жұмыс істейтін субъектілерге жеңілдік режимін сақтауды сұрайды – Якупбаева

2021 жылғы 14 Шілде
8504 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Ashyq жобасының статистикасын жариялап, карантин талабын бұзушылардың көбейгенін айтты.

«Ел бойынша сырқаттану деңгейі өсіп келеді және локдаун қаупі болып тұрғанда бизнес Ashyq бойынша жұмыс істейтін субъектілер үшін жеңілдік режимін сақтауды сұрайды. Мынаған назар аударыңыз. Өкінішке қарай, азаматтар аса сақтықпен қарап жатқан жоқ. Керісінше,  «қызыл» және «сары» статусы бар азаматтардың қоғамдық орындарға барғысы келетіні байқалады. Ashyq қақпашы секілді қорғаныс шегінің соңында тұр», - деп жазды Юлия Якупбаева.

Айта кетейік, 14 шілдедегі жағдай бойынша 15 343 бизнес субъекті Ashyq жобасына қатысады. Қосымша 800-ден аса өтінім қаралып жатыр. Бәрін қосқанда жобада 16 мыңнан аса нысан бар.

Қосымшаны 4 миллионнан аса адам пайдаланады. 12 сәуірден бері 8 272 адам «қызыл» және 7 272 адам «сары» статуспен анықталды. 15 мыңнан аса азамат карантин талабын бұзып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер