«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавлда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды

2023 жылғы 07 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
11185 просмотров

 Жеңіске жеткен қолөнершілердің өнімдерімен енді маркетологтар жұмыс істейтін болады. Өнімдерді (тауарлар) одан әрі сүйемелдеу, брендтеу, сертификаттау және экспортқа ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіледі.

Еске салсақ, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Қазақстанда биыл «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» бизнесті қолдау жөніндегі ұлттық жоба аясында басталды. Оның негізгі мақсаты – жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтерді құру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру.

 «Жобаға қатысуға 15 тауар өндіруші өтінім берді. Олар тауарларын «Бір ауыл – бір өнім» жобасында таныстырды. Бұл байқау 9 маусымда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауынмен қатар өтті. Сол кезде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының екінші кезеңіне 10 қатысушы өтті. Өткен аптада олар бренд-комитет алдында жобаларын қорғады. Үш жеңімпаз анықталды», – деді ӨКП директоры Тимур Бекеев.

Комитет өңірлік палатаның жанынан арнайы құрылған, оның құрамына кәсіпкерлікті дамыту институттары, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бизнес субъектілері мен сарапшылар кірді.

Қазылар алқасының назарына әйелдер шығаратын киім, бал, ет, сүт өнімдері, табиғи күтім косметикасы, зергерлік бұйымдар, аксессуарлар және т. б. ұсынылды.

Бренд-комитеттің шешімімен үш жеңімпаз анықталды. Олар бал және бал өнімдерін шығарушы Ярослава Пилипушко, қолдан сабын, косметика өндіруші Лариса Первушина және ірімшік пен йогрут шығарушы Ольга Даньшина.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазылар алқасының таңдауы осы жобалардың пайдасына жасалды. Өйткені осы жобалар іріктеудің барлық талабына сәйкес келді.

«Үздіктерді таңдау кезінде бірінші кезекте кәсіпкерлердің өнім немесе тауар өндірісінде жергілікті шикізат пен қол еңбегін пайдалануына баса назар аударылды. Сондай-ақ, өнім дизайнының әлеуеті, тауардың қаптамасы, өңірлік ерекшеліктері және оның жалпы ішкі және сыртқы нарықтарға шығу әлеуетіның бар-жоғы бағаланды», – деп түйіндеді Тимур Бекеев

Осы өнімдер одан әрі маркетингтік қолдауға ие болады, оның ішінде брендтелген және сертификатталған болады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл оның нарықта танылуын арттырып қана қоймай, оны экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жыл соңында өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесіне қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер