«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға субсидия жайлы түсіндірілді

2023 жылғы 19 Қазан
- Шымкент қаласы
9436 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда жылыжай шаруашылықтарының өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар түсіндірілді.

Кездесуге қатысқан Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, биылдан бастап жылыжай өсірушілерге электр қуаты мен газ шығындарына және гектарлық субсидия беріледі.

«Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №107 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, жылынатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері мен қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына маусымаралық кезеңде электр энергиясына, көмірге және газға арналған шығыстарды субсидиялау арқылы мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді», – деді басқарма басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Жалпы, жылыжайларға гектарлық субсидия алуы үшін өнеркәсіптік жылыжайлардың техникалық құжаты болуы керек, ал фермерлік жылыжайлар ҚР СТ 3834-2023 тиісті ұлттық стандартына сай болуы тиіс. Бұл бойынша «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның басшысы Малик Яров түсіндіріп, жылыжай стандарттары мен сертификат алу үшін атқарылатын іс шаралар жөнінде айтып берді.

Мемлекетік тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулар ауыл шаруашылығы министрлігінің «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Жиында, бұған қоса, шаруашылықтардың алдағы қыс мезгіліне дайындығы мен қажет көмір көлемінің жеткізілу барысы туралы талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер