«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Хорватия Экономикалық палатасымен өзара тиімді серіктестікті нығайтады

2024 жылғы 25 Сәуір
2115 просмотров

2024 жылғы 25 сәуірде Загреб қаласында (Хорватия) Қазақстан-Хорват бизнес форумы және Іскерлік кеңестің 1-ші отырысы өтті.

ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов пен «KAZENERGY» Қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров бастаған қазақстандық делегация Хорватия Экономикалық палатасының президенті Лука Буриловичпен кездесті. Бизнес-форум және Іскерлік кеңестің бірінші отырысы Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшілігі мен Хорватияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен өтті.

Іс-шара алдында қазақстандық делегация Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Андрей Пленковичпен кездесіп, сауда, энергетика, логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылады.

«Қазақстан мен Хорватия арасында қазірдің өзінде өзара іс-қимылдың тұрақты деңгейі бар, бірақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы хорватиялық кәсіпкерлерге аймақтағы әлеуетті серіктестерді табу, жобаларды қолдау және B2B және B2G кездесулерін ұйымдастыру бойынша қызметтерін ұсына алады. Палатаның өңірлік өкілдіктері мен өңірлік салалық кеңестер бизнестің сараптамалық қорытындысын әр аймақтың негізгі бағыттарына шоғырландырады және барлық өңірлердегі жергілікті бизнеске қол жеткізе алады», - деді кездесу барысында Мұрат Қарымсақов.

Аталмыш шараның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келесі құжаттарға қол қою рәсімі өтті: Қазақстан-Хорват Іскерлік кеңесін құру туралы Келісім; Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Хорватия Экономикалық палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум; «ASSPAN CONSTRUCTION COMPANY» ЖШС мен «VS ENGINEERING» ЖШС арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісім.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер