«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП және Ұлттық экономика министрлігі бизнеске бірлесе көмектеседі

2024 жылғы 06 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
3620 просмотров

Облысқа «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков және Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков жұмыс сапармен келді. Сапар аясында олар су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысына қатысып, табиғи апат салдарына мүлігі бүлінген кәсіпкерлермен кездесті.

Бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссия БҚО облыстық әкімдігі жанынан құрылған. ҰКП және Ұлттық экономика министрлігінің бастамасы бойынша өңірлік комиссия құрамының бағалау компанияларының басшыларымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында бүлінген мүлікті бағалау тәртібі мен рәсімі талқыланды.

Бағалаушы компаниялар нарықтағы тәжірибесі мен объекті, көлік құралдары, жабдықты тексеру, сараптамада кешенді әдістерді қолдану деңгейі бойынша таңдалды.  

Кездесуде  бағалау компанияларының басшыларына 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларына сәйкес сараптама ұйымдарының қызметіне байланысты сұрақтар қойылды.  Мысалы, тапсырыс берушілерде бағалау, бағалау компаниясының қызметіне ақы төлеу және басқаларында келісімшарт жасасуға қатысты мәселелер.

Нұрбол Жәнібеков бағалау компанияларын өзіне алған міндеттемелерін адал орындауға шақырды. Бірқатар сұрақты өңірлік комиссия өкілдерінің өздері қойды. Олар саяжай алаптарының аумағында сауда нүктесін ашқан кәсіпкерлерге келтірілген залал өтеле ме деген сұрақ қойды.

Өйткені кәсіпкерлерге жағалауда бизнес нысан ашпауға, онда су басу қауіпі ықтимал екеніне қатысты ұсыныстар берілген, бұл ұсыныстарды кәсіпкерлер елемеген болатын.

Жиында ҰЭМ өкілі табиғи апаттан залал көрген кәсіпкерлерге өтем ұлттық қор қаражатынан берілетінің айтты. Негізге қаңтар оқирғасы кезіндегі алгоритм алынды. Өтемақы алу үшін кәсіпкер бүлінген тауары туралы толық ақпарат, құжатты (чектер, талондар эәне т.б.) ұсыныуы тиіс.

Тимур Нақыпбеков кездесуде «Атамекен» ҰКП және Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп әзірлеген нормативтік-құқықтық актінің атауына назар аударды. Спикер залалды өтеу объект су басқан жағдайлар үшін ғана емес, тіпті су тасқыны салдарынан бизнес шығынға ұшыраған жағдайлар үшін де көзделгенін атап өтті. Мәселен, егер табиғи апат салдарынан бизнес объектісінде электр энергиясы өшіп қалса, нәтижесінде техника өртеніп, тамақ өнімдері бүлінсе, онда кәсіпкер барлық қажетті құжаттаманы қоса бере отырып, залалды өтеуге өтінім беруге құқылы.

«Мүліктік зиянды өтеуге өтінімдерді қабылдау осы жылдың 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады», –  делінген өңірлік комиссия отырысында.

 

 

Әрі қарай жиынға қатысушылар қала сыртындағы демалысты ұйымдастырып отырған кәсіпкерлік объектілерге барды. Олар «PARK HOTEL», «GREEN PARK», «БAVARO CATERING» қонақүйлері. Мақсат – кәсіпкерлерге су тасқыны салдарынан болған шығын өтеу қағидаларын түсіндіру.  

 Кәсіңпкерлер қағидаларды әзірлеушілерге ризашылығын білдірді. Олар мемлекеттік қолдау арқылы қысқа мерзімде бизнесін жолға қоюға үміттенеді. Кәсіпкерлерден залала мөлшері қандай деген сұраққа жауап беруге асықпады. Өйткені объектілер әлі де су астында қалып отыр.

 БҚО ӨКП ұжымымен кездесуде Тимур Нақыпбеков су басқан өңірлерді (Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай) аралау барысында келтірілген залалға алдын ала бағалау жасалғанын хабарлады. Әзірге сома 25 млрд теңгені құрап отыр. Сарапшылар бұл сома өсуі мүмкін деп болжап отыр.

Табиғи апат салдарына тап болған бизнес субъектілер саны 990 нысанға жетті. Батыс Қазақстан облысында 111 субъект. Соның ішінде 50 пайызы – фермерлер. Алдын ала бағалау бойынша залал сомасы 7 млрд теңгені құрайды.

Тимур Нақыпбеков БҚО Кәсіпкерлер палатасына Ұлттық палатаға  агроөнеркәсіп кешеніндегі залалды өтеу мәселелері туралы бірінші болып белгі бергені үшін алғысын білдірді. Соның нәтижесінде Ұлттық палата ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында фермерлерге мүліктік зиянды өтеудің қағидаларын әзірлеуге бастамашылық етті.

Бұдан басқа, өңірлік палата ұжымы жалпы қалалық су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысты, ӨКП аудандық филиалдары тиісті түрде жұмыс жүргізді.

 Тимур Нақыпбеков бизнестің өзі табиғи апаттан зардап шеккеніне қарамастан, жерлестеріне гуманитарлық көмек көрсетуден қалыс қалмағанын атап өтті.  

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер