«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанайда мүліктік шығындардың орнын толтыруға бизнестің алғашқы өтінімдері бекітілді

2024 жылғы 23 Мамыр
- Қостанай облысы
1264 просмотров

Су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында бизнес субъектілерінің 2 өтінімі қаралды.


Комиссия өкілдері бірауыздан ЖК "Ж. Сырлыбаев" және ЖК "О. С. Дорофеев" мүліктік шығындарының толық көлемде өтелуі туралы оң шешім қабылдады.


Өңірлік комиссияның әрбір отырысына өтініш берушілер (зардап шеккендер) жан-жақты қарау, сондай-ақ даулы сәттердін (шешіммен немесе сомамен келіспеу) ықтималдылығын барынша азайту үшін шақырылатын болады.


Бүгінгі таңда аудандық комиссияларға су тасқыны салдарынан келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру үшін 50-ге жуық бизнес субъектілері жүгінді. Олардың барлығы аймақтық комиссияға өтініш беру үшін құжаттама дайындайды. Коммисия отырыстары өтініштердің түсуіне қарай өтеді.


 Ережеге сәйкес, ақшалай қаражат тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, егер жеткілікті қаржыландыру болса, мүлік иесінің өтемақы туралы өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударылады.


Атап өтсек, Қостанай су тасқынынан зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша ең алғаш төлемдер бастаған өңір болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер