Жазғы сауықтыру лагерлерінің маусымға дайындығы талқыланды
Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Кәсіпкерлер палатасының алаңында жазғы сауықтыру лагерлеріне қойылатын санитариялық талаптар мен маусымға дайындық мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиын барысында Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Қызбек Зекенова санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қойылатын негізгі талаптар:
• Қауіпсіз ауыз су жүйесінің болуы;
• Балаларға арналған тамақтану және тұру жағдайының жасалуы;
• Медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі;
• Үй-жайлар мен аумақтың залалсыздандырылуы;
• Су, топырақ және басқа да нысандарға зертханалық зерттеу жүргізілуі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жазғы сауықтыру және санаторий типіндегі балалар лагерлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен реттеледі.
Зерттеу жүргізілетін объектілер мен көрсеткіштер:
• Ауыз су – бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша (орталықтандырылған жүйе, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар);
• Ас блоктары – бактериологиялық, санитариялық-химиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зерттеулер;
• Жабық бассейндер, ванналар, жағажайлар (болған жағдайда) – су сынамалары;
• Топырақ пен құм – паразитологиялық және бактериологиялық көрсеткіштер бойынша;
• Микроклимат – температура, салыстырмалы ылғалдылық (жылыту кезеңінде);
• Жарықтандыру – жасанды жарық деңгейі (оқу, ойын, жатын бөлмелер мен үйірмелерде, дене шынықтыру және бассейн залдарында);
• Емдік балшық (бар болған жағдайда) – микробиологиялық, физика-химиялық, токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу.
Зерттеулер жатын бөлмелерде, оқу және мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған үй-жайларда, асханалар мен медициналық бөлмелерде, спорт залдарда, кір жуатын орындар мен басқа да тұрмыстық бөлмелерде жүргізіледі.
Жиынға Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова, жеке және мемлекеттік лагерь басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: