«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі: Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында салалық кеңес отырысы өтті.

2025 жылғы 20 Маусым
- Алматы облысы
284 просмотров

Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі: Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында  салалық кеңес отырысы өтті.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. – Алиев А.Т.:

Кеңес отырысын аша отырып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу мақсатында жиын ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. 

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған салалық кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаровтың тапсырмасы аясында көктемгі дала жұмыстарына қатысты нормативтерді өзгерту мәселесі қаралды.

Кеңес отырысының басты мақсаты - агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерлердің мәселелерін шешу. Кеңес төрағасы Нұрбеков Н.А. көктемгі дала жұмыстарының нормативтерін қайта қарау қажеттігін және бұл үшін ғылыми институттармен бірлесіп жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Қаржыландыру және көктемгі егіс жұмыстары жайында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Алматы облыстық филиалының директорының орынбасары Алибаев Н.Н. ақпарат берді. Алматы облысындағы өтініш көлемі 3 миллиард теңгеден асқан, және бұл қаржы көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған. Әр гектарға бөлінетін сома дақыл түріне қарай есептеледі.

Түсіндіру жұмыстары мен нормативтер бойынша Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тулебекова Б.А. өңірлерді аралап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Сонымен қатар, нормативтердің төмендігі туралы мәселе Вице-министрдің алдында көтерілген.

Ғылыми-зерттеу институттарының рөлі да маңызды. Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты нормативтерді әзірлеу үшін ауыл шаруашылығы басқармаларымен және ғылыми ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл нормативтер субсидия есептеу үшін дайындалып, министрлікке ұсынылады.

Жиын қорытындысында бірнеше ұсыныстар жасалды:

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы мен аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты бірлесіп көктемгі дала жұмыстарының нормативтеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы: «Атамекен» ҰКП-ға техникалық карталар негізінде басқа өңірлерден де ұсыныстар жинау бойынша хат жолдау;
Аграрлық несие корпорациясына: несие мерзімін 3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру;
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына: көктемгі дала жұмыстары штабына «Атамекен» өкілдерін қосу мүмкіндігін қарастырсын;
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден нормативтерге сәйкес техникалық карталарды жинауды ұйымдастыру;
Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты: егін түрлерінің тізбесін кеңейту, атап айтқанда жидек дақылдарын: бақша құлпынайы (земляника садовая), таңқурай (малина), қарақат (смородина), қара бүлдірген (ежевика) қосу мүмкіндігін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер