«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП-мен Қазақстан-Қытай қатынастарын дамытудың кезекті кірпіші қаланды

2024 жылғы 15 Наурыз
4182 просмотров

Форум Қазақстан мен Қытайдың бизнес-қоғамдастықтары үшін қолайлы ортаны қалыптастыру, неғұрлым тығыз сауда қатынастары мен инвестициялық жобаларды іске асырудың жаңа жолдарын табатын алаң болды.

 Айта кету керек, Қазақстан мен Қытайдың 30 жылдық қатынастары қазір өз дамуының ең жоғары сатысында тұр. Жаңартылатын энергия, көлік және логистика, электрон сауда, туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп сияқты салаларда тұрақты және жан-жақты стратегиялық әріптестік қалыптасты. Бұл жерде «Бір белдеу, бір жол» бірлескен бастамасы да үлкен рөл атқарды.

Тек 2023 жылдың өзінде екі ел арасындағы сауда айналымы 41 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 32.2%-ға өсті.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов өзінің алғы сөзінде Мемлекет ьасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібіне баса назар аудара отырып, елді индустрияландыру жөніндегі алға қойған міндетін еске салды.

«Біз қытайлық серіктестерімізге металдарды терең өңдеу, мұнай, газ, мұнай-химия салалары, туризм, экология, пайдалы қазбаларды өндіру, агроөнеркәсіп кешені сияқты өнеркәсіптіңртүрлі басым секторларында ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынуға дайынбыз», - деді Мұрат Қарымсақов.

«Атамекен» ҰКП ҚР Үкіметімен бірлесіп, ішкі және шетелдік инвесторларды қызықтыра алатын Интерактивті инвестициялық картаны әзірледі.

Атап айтқанда, жүйе инвестициялық жобаларды іске асыру барысын тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді, өңір ауқымында да, тұтастай алғанда елімізде де шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізудің объективтілігі мен өзектілігін арттырады.

Сонымен қатар, іс-шарада China International Supply Chain Promotion Expo 2024 (Chain Expo)  жобасы таныстырылды. Бұл жүк тасымалдау саласына арналған мемлекеттік деңгейдегі алғашқы көрме. Жаңа платформа тұрақты, үздіксіз және өзара байланысты жеткізу тізбегін ілгерілету үшін үлкен маңызға ие.

Chain Expo-ның алғашқы көрмесі былтыр өтті, Қазақстан оның ең белсенді қатысушыларының бірі болды. Сол кездегі іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам компания қатысты.

«Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы мен қазақстандық кәсіпорындардың көпшілігі елдеріміздің экономикалық дамуының мүмкіндіктері мен жетістіктерімен алмасу үшін Chain Expo платформасын белсенді пайдалана алады деп үміттенемін», - деді ҚХР-дың ҚР-дағы Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші-елшісі Су Ю.

Сондай-ақ, Қытай дипломаты «Бір белдеу, бір жол» жобасының мақсаттарының өзара байланысын атап өтті. Оның пікірінше, бастама Қазақстанның даму стратегиясымен үндеседі және Қытай-Қазақстан экономикалық және сауда ынтымақтастығының сапалы дамуына үлкен үлес қосады.

Сонымен қатар, іс-шарада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум жалпы экономикалық жағдай, үрдістер, инвестициялық мүмкіндіктер мен сауда саясаты, халықаралық іс-шараларды, оның ішінде көрмелер, форумдар, жобалар семинарлары, Инвестициялар презентациялары ұйымдастыру және өткізу туралы өзара ақпарат алмасу туралы келісімдер болады.

Осылайша, Қазақстанға да, Қытайға да теңдік пен өзара тиімділіктің достық қағидатын ұстана отырып, екі тараптың да мемлекеттік заңдары мен нормативтік актілерін сақтауды күшейту үшін негіз құрылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер