«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кепілдіксіз кепілдік хат

2015 жылғы 07 Тамыз
- Қарағанды облысы
16938 просмотров

«Роза-агро» фермерлік шаруашылығына уәде етілген субсидия аяқ астынан екі есе азайтылды

Қарағанды облысы Осакаров ауданында кәсіпкер Бекмағамбет Қауымбеков «Роза-агро» фермерлік шаруашылығын сонау 1999 жылы құрған еді. Біршама табысты бизнес: осы жылдар бойы мұнда көлем өсіріліп, инновациялар енгізіліп отырды. 2015 жылы кәсіпкер 102 Га жерде картоп пен көкөністерді тамшылай суаруды енгізді. Бұл аудандағы ауыл шаруашылығы өнімін өсірудің осындай қымбат тұратын, бірақ келешегі бар, жетекші әдісін қолданған алғашқы әрі жалғыз шаруашылық болды.

Өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімді бизнесмен тәуекелге барып, «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке өсімдіктерді сапалы түрде тамшылай суаруға арналған өте қымбат жоғары технологиялы жабдық кешенін сатып алады. Тамшылай суарудың басты басымдылығы суды, энергияны, уақытты, еңбекті үнемдеу болып табылатыны белгілі, себебі су өсімдік түрі, топырақ, жыныс типіне және т.б. қарай тікелей тамырға аз ғана көлемде, қатаң түрде уақытымен жіберіледі. Тамшылай суару технологиясы өсірілген өнімнің өзіндік құнын және, сәйкесінше, ақтық өнімнің бағасын бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың көктемінде фермер картоп тұқымы мен көкөністер көшетін сатып алады. Сонымен қатар ЖЖМ, тыңайтқыштар мен гербицидтер алынады. Күллі жүйе монтаждалып, іске қосылады. Сосын фермер сауару жүйесіне су тартқышты жеткізуді аяқтайды. Құбырлар сатып алады. Жаңа комбайн сатып алуды жоспарлайды.

Лизингті ресімдеу кезінде оған 1 гектар егістік үшін 150 000 теңге көлемінде субсидия беруді кепілдендіреді – мамыр айында облыстағы ауыл шаруашылық департаменті кепілдік хатқа қол қояды. Алайда бір ай өткен соң Қарағанды облысының әкімдігі қаулы қабылдап, 1 Га үшін 80 000 теңге мөлшеріндегі субсидия нормативтерін бекітеді де, бұл жобаның тоқтап қалу шегіне әкеледі. Кәсіпкер қолдау сұрап Қарағанды Кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгінеді.

Палата сарапшылары құқықтық актіні қабылдау процедурасындағы бұзуларды анықтады. «Басымдылықты ауыл шаруашылық дақылдарының және субсидиялар нормаларының тізбесін белгілеу туралы» әкімдік қаулысына өзгертулер мен толықтырулар, «Нормативтік құқықтық актілері туралы» заң талабына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілері аккредиттелген бірлестіктерінен, соның ішінде, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан сараптау қорытындысын алусыз енгізілген. Ал кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге сараптау қорытындысын ұсыну тәртібі дәл осы құжатпен реттемеленеді.

Заңның 15 бабына сәйкес, сараптау қорытындылары жергілікті кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерінің шоғырландырылған пікірі болып табылады, нұсқаулық сипатын алады және нормативтік құқықтық акті қабылданғанға дейін, сонымен бірге аталмыш жобаны мүдделі мемлекеттік органдардың әрбір келесі келісуінде ТҚА жобасына міндетті қосымша болып табылады.

Сондай-ақ сараптау қорытындысынсыз әкімдіктің маусымдағы қаулысымен жанар-жағар май және көктемгі суару әрі жинау жұмыстарына қажет басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар құнын арзандатуға берілетін субсидия нормасы төмендетіледі. Осындай әдіспен тамшылай суару жүйелерін қолданумен егілетін жалпы бақша дақылдары мен картопқа арналған қорғалған топырақта ауыл шаруашылық дақылдарын отырғызуға кететін шығынның құны мен басымдылықты дақылдар өндірісін субсидиялау төмендетіледі.

Палата сарапшылары нормативтік актінің әрекеті тоқтатылуға тиіс деген сенімде. Сонымен қатар, прокуратура да дәлелді сөз айтуға тиіс: әрекеттегі заңнаманы бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты шаралар қолдану қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер