«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туроператорлар электрондық визаны рәсімдеу үрдісімен танысты

2019 жылғы 16 Қаңтар
8283 просмотров

1 қаңтардан бастап 117 елдің азаматтарына виза орталықтары мен елшіліктерге барудың қажеті жоқ. Енді Қазақстанға визаны онлайн алуға болады.

Визаны алу үшін шақыруды ресімдеуге шамамен бес жұмыс күні кетеді, ал қорытындысында шетелдік азамат басып шығару үшін e-visa алады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында e-visa - бастамасы енгізілгені белгілі.

Үкімет, ҚР СІМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК және «Атамекен» ҚР ҰКП күш-жігерінің арқасында туристік сала үшін жыл жақсы жаңалықтан басталды, деді ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Ерлан Қожағапанов.

«Бұл қадам виза алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз e-visa енгізген мемлекеттер тізіміне қосылдық, олардың арасында біздің көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстан бар», - деп атап өтті Вице-министр.

Қазақстанға келуге шешім қабылдаған азаматтар туристік мақсатта электрондық виза алуға өтінім бере алады, сондай-ақ 23 ел үшін іскерлік және медициналық визалар қолданылады. Айта кету керек, виза бір мәрте және қазақстандық тараптың шақыруы бойынша шетелдік азаматтарға беріледі.

«Шетелдіктер қолданыстағы электрондық виза арқылы Астана мен Алматы халықаралық әуежайлары өткізу пункттерінде ғана Қазақстан аумағынан тыс жерлерге келе алады немесе кете алады», - деп нақтылады ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев.

Электрондық виза тек виза алушы үшін қолданылады және еріп жүретін адамдарға қолданылмайды.

«Туризм индустриясының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ басшысы Ая Нұрдәулетқызы БАӘ-де туристер сауалнаманы өз бетінше толтырмайтынын айтты.

«Біз жеке тұлғалар, ЖШС ретінде кіріп көруге тырыстық, бірақ виза толтыру біз үшін қолжетімді болмай шықты», - деді Ая Нұрдәулетқызы.

E-visa тек жүйеде әрекет ететін шақыруы бар шетелдік ресімдеуі маңызды.  Визаны ресімдеу үшін бірнеше қарапайым қадамдарды орындау қажет:

-визалық-көші-қон порталында тіркелу vmp.gov.kz;

- электрондық виза алу талаптарымен танысу;

- шақыру нөмірін енгізу (шақырушы тарап ҚР-ға жібереді) және визалық сауалнаманы толтыру;

- ағымдағы бағам бойынша теңгемен айырбастау арқылы 60 доллар (туристік виза үшін) немесе 80 доллар (егер іскерлік виза немесе емделу үшін) мөлшерінде консулдық алым төлеу (төленген консулдық алымдар қайтаруға жатпайды);

- электрондық визаны басып шығару (виза Жеке кабинетте қалыптастырылады және сауалнаманы толтыру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі);

- Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өткен кезде басып шығарылған электрондық визаны көрсету.

Есте сақтар маңызды ақпарат-егер шетелдік деректерді толтырған кезде қате жіберілсе, Шекара қызметі шекарадан өткен кезде оны паспорттық деректермен алшақтық барын байқаса өткізуге жол жоқ. Егер шақыруда қате жіберілсе, ал шетелдік оны жіберіп, оның деректері екенін дәлелдесе, дәл солай болады.

Шетелдік әлемнің кез келген нүктесінен визаны басып шығара алады. Бұл рәсімді жасау мүмкін болмаған жағдайда әуежайдың консулдық пункттеріне бару керек, ол үшін барлық қажетті ұйымдастыру техникасы ұсынылады. ADS-виза бұрынғы режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, туристік визаларды алу үшін қажетті және туристік компаниялар көші-қон қызметіне қағаз түрінде беретін шақыру бұрынғы режимде ресімделеді.

ҚР ҰҚК-де атап өткендей, 1 қаңтардан бастап пилот басталды, алдағы уақытта жобаны Қазақстанның барлық халықаралық әуежайларына кеңейту жоспарлануда. Сондай-ақ, электрондық визаға автомобиль посттарын қосу. Сондай-ақ, e-visa әлі топтық турларға қолданылмайды.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт Вице-министрі туристердің барлығы бұл процестердің оғай болғанын қалайтынын атап өтті.

«Неге белгілі бір елдердің туристері үшін шақыруларды алып тастамауға болады?»,- деді ҰҚК қызметкерлеріне Ерлан Қожағапанов.

Мысалы, Сербиядан немесе Индонезиядан келген әлеуетті туристер Қазақстанның жарнамасын көріп, елге келгісі келетінін атап өтті. Алайда, алдағы күндері ұшудың басты бөгеті шақырудың болмауы болады.

Өз кезегінде ҚР ҰҚК қызметкерлері қатысушыларға e-visa жобасы әзірге пилоттық екенін еске салды. Құрушылар үшін ең алдымен – жүйені жетілдіру және оның барлық кемшіліктерін жою, сондай-ақ шақыруды ресімдеу рәсімін электрондық форматқа көшіру, бұл виза алу және Қазақстанға кіру процесін жеңілдетеді. Хабарламаларды автоматтандыру бойынша да жұмыс жүргізілуде - үш ай ішінде хабарламаларды беру функциясы порталда заңды және жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ болған жағдайда қолжетімді.

Сондай-ақ, туропреторлар өз саласы үшін өзекті мәселелерді айтты.

Мәселенің бірі-виза алған турист Қазақстанға кіре алатын уақытша дәліз мерзімін (үш айдан бір айға дейін) қысқарту. ҰҚК өкілдері бұл шара шетелдіктер Алматы немесе Астана арқылы келе жатқан, содан кейін өңірге көшкен және қолданыстағы визалар мен заңнаманың мерзімін бұза отырып, Қазақстанда қалатын жағдайлардың жолын кесуге бағытталғанын түсіндірді. Дискуссия барысында туристік компаниялар осы мәселеге жіті қарауды және жоғары қауіп-қатері бар елдер үшін бір ай мерзімге қысқартылған дәліз қалдыруды ұсынды. Тәуекелдерді көтермейтін елдер үшін уақытша дәлізді 6 айға дейін ұлғайту ұсынылды.

Сонымен қатар, туроператорлар портал жұмысындағы проблемалар мен іркілістер жағдайында байланыс мәселесін көтерді. Әзірлеушілердің айтуынша, порталмен жұмыс істеу барысында туркомпаниялар үшін кері байланысты қамтамасыз ету қазір пысықталу үстінде. 1414 нөмірі бойынша бірыңғай электрондық үкімет орталығы базасында үш арнайы электрондық мекен – жай мен колл-орталық енгізілетін болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП порталмен жұмыс істеу және виза алу механизмі бойынша бизнес мәселелерін жою үшін туроператорлар мен әзірлеушілердің жұмыс бабында кездесулер өткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер